Хабарландыру!

«І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ 2025 жылғы 17 сәуірде ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова оқулары аясында мектеп оқушылары арасында өткізілетін «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауына шақырады.

«Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру; шығармашылық және инновациялық жобаларды қолдау; тіл үйрену үдерісіне заманауи технологияларды енгізу; жас өнертапқыштардың, зерттеушілердің және болашақ лингвистердің әлеуетін дамыту; ұлттық және халықаралық деңгейде тіл мәдениетін насихаттау.

 «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауына қатысу туралы өтінім 2025 жылғы 07 сәуірге дейін gt.chukenaeva@gmail.com поштасына жолдануы тиіс.

Инновациялық жобалар байқауы барысында оқушылардың жетекшілері үшін «Мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі» атты ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылады.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 87071155086, 87082255610

«Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының ережесі

#SDG #ЦУР #ТДМ