2025 жылғы 12-16 наурыз аралығында ЖТН AP19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы ғылыми жоба шеңберінде жоба мүшелері Астана қаласына «Педагогикалық зерттеулер институтына» тәжірибе алмасу үшін, іс сапарға барып қайтты.
Іс сапар барысында педагогикалық зерттеулер институтының бас директоры, п.ғ.д. Ахметова Гульмира Батырбековнамен жоба жұмыстары жайлы пікір алмасып, болашақ атқаратын жұмыстар аясы талқыланды және «Alem University» директоры Гульмира Аманжолованың болашақ мамандарды даярлаудағы төрт Х, Y, Z, Alfa ұрпақтарының сабақтастығы жайлы шебер сыныбына қатысып болашақ ұрпақты тәрбиелеуде өзекті мәселелерді талдап, өз тәжірибелерімен бөлісіп қайтты.


