Құқық және экономика факультетінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 18 наурызында «Жасанды интеллект (ЖИ), STEM және CLIL технологиялары арқылы оқу үдерісін модельдеу» тақырыбында университет көлемінде шебер-сынып өтті. Шебер-сыныпқа университеттің профессорлық-оқытушы құрамы және білімгерлер, магистранттар, докторанттар қатысты.
Құқықтық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), з.ғ.к. Беисов Ербол Жақсыбекұлы және Kazdream Special Systems IT компаниясының өкілдер: Такенов Ержан Қазбекович, Жанкулов Данияр Маратұлымен бірлесіп білімгерлерге «Криминалистика» пәнінен криминалистика саласында жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы оқу үрдісін модельдеуді көрсетті.

Экономика және сервис кафедрасының оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD) Касымова Айгерим Маликовна мен оқытушы-дәріскер, магистр Сапарова Ажар Қайсарқызы «Халықаралық туризм» пәні бойынша жасанды интеллект пен адаптивті оқуда жаңа мүмкіндіктерді, іс-тәжірибелік сабақты модельдеуді STEM, CLIL технологиялары арқылы үйретті.
Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Турысбекова Райхан Кундашевна «Аймақтық даму теориясы мен практикасы» пәні бойынша жасанды интеллект құралдары негізінде белсенді оқыту әдістері көрсетілді. Шара соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Шебер-сынып кезінде білім берудегі заманауи технологиялардың қолданылуының маңыздылығы мен қажеттілігі айтылып, ұсыныстар берілді.



