«Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және болашақ бағыттар» есептік кездесуі

19.03.2025 ж. күні физика-математика факультетінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған «Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және болашақ бағыттар» тақырыбында есептік кездесу өтті. Іс-шараға факультет оқытушылары, студенттер, жас ғалымдар мен ғылыми үйірме мүшелері қатысты.

Кездесу барысында жас ғалымдар орталығы мен факультеттегі ғылыми үйірмелердің жыл бойындағы жұмыстарының есептері тыңдалды. Студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелерін баяндап, жеткен жетістіктері мен туындаған мәселелерін талқылады.

Тыңдалған есептердің нәтижелері бойынша үздік үйірмелер анықталды:

І орын — «Future Coders» үйірмесі;

ІІ орын – «Жас программист» үйірмесі;

ІІІ орын – «Autodesk Fusion 360 бағдарламасында модельдеу» үйірмесі;

ІІІ орын – «Білім және жасанды интеллект» үйірмесі.

Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі дамыту жолдары мен жаңа бағыттар белгіленді. Кездесу соңында студенттердің ғылыми ізденістерін қолдау және ынталандыру мақсатында бірқатар ұсыныстар жасалды.