«Тіл. Мәдениет. Коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2025 жылдың 14 сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры М.Р. Катенованы еске алуға арналған  «Тіл. Мәдениет. Коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияның мақсаты – тілдер мен мәдениеттер арасындағы байланыстарды тереңірек зерттеп, халықаралық коммуникация мен мәдениетаралық диалогты дамыту бағытындағы ғылыми зерттеулерді алға жылжыту. Бұл маңызды шарада тіл білімінің, аударма ісінің, мәдениеттанудың өзекті мәселелері талқыланып, әртүрлі елдер мен мәдениеттер өкілдерінің тәжірибелері мен идеялары ортаға салынады.  Өтетін орны, Қаблиса Жырау көшесі, 187. Мәжіліс залы, 313.  Конференция сағат 8.30-да басталады. Барлық қызығушылық танытқан ғалымдар, зерттеушілер, тіл мамандары мен студенттер қатысуға шақырылады.