












Табиғат – тіршілік көзі. Оны қорғау, аялау, жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны таза ұстау – адамзаттың ең маңызды әрі қажетті міндеттерінің бірі. Осы орайда әрбір адам айналасын таза ұстап, қала көркіне үлес қосуы қажет.
Дәл осындай бастамамен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы мен студенттері «Taza Like» республикалық акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында жұмыла жұмыс істеп, университет ауласы мен айналасын тазалап, күл-қоқыстан арылтты.
«Тазалық – ортақ міндет. Өзіміз өмір сүретін ортаны таза ұстау, көгалдандыру, абаттандыру – маңызды іс. Бұл бірреттік науқан емес, тұрақты түрде жалғасын табатын игі шара» дейді университет ректоры Ермек Бөрібаев.
Аталмыш акцияны ұйымдастырудағы мақсат жастардың әлеуметтік-экологиялық, рухани-мәдени жауапкершілігін қалыптастыру. Отанға құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
#SDG #ЦУР #ТДМ