2025 жылдың 14 сәуір күні Гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры М.Р. Катенованы еске алуға арналған «Тіл. Мәдениет. Коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты – тілдер мен мәдениет арасындағы байланыстарды тереңірек зерттеп, халықаралық коммуникация мен мәдениетаралық диалогты дамыту бағытындағы ғылыми зерттеулерді ілгерлету.
Бұл маңызды шарада тіл білімінің, аударма ісінің, мәдениеттанудың өзекті мәселелері талқыланып, түрлі ұлт өкілдерінің тәжірибелері мен идеялары ортаға салынады.
Өтетін орны: Жансүгіров көшесі, 187. Мәжіліс залы, 313.
Басталуы: 8.30.
Қызығушылық танытқан ғалымдар, зерттеушілер, тіл мамандары мен студенттерді шақырамыз!
#SDG #ЦУР #ТДМ