









Бүгінгі таңда экология және қоршаған ортаны таза ұстау мәселесі маңызды.
Себебі, қоршаған ортаны қорғау– адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, демалыcы үшiн қолайлы жағдай жасау.
Осы орайда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы мен студенттері «Эко сағат» акциясын ұйымдастырып, тазалық жұмысын жүргізді.
«Жеке адамдардың экологиялық мәдениетін арттыру үшін мұндай тазалық акцияларының маңызы зор. Себебі, табиғатқа жанашырлықпен қарап оның байлықтарын сақтауға әрбір адам мүдделі. Кез келген адам өзі өмір сүретін ортаны, айналасын таза ұстап, туған жерінің көркеюіне үлес қосуы керек», — дейді шараны ұйымдастырушылар.
«Эко сағат» акциясының мақсаты – студенттердің экологиялық ұғым-түсініктерін қалыптастыру, отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа баулу, қала тазалығы мен өркендеуіне үлес қосу.
#SDG #ЦУР #ТДМ