Халықаралық ынтымақтастық орталығы құқық және экономика факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Болат Әлібек Алмазұлымен бірлесіп «Болашақ — 500 ғалым» ғылыми тағылымдамасына құжаттарды тапсыру» тақырыбында семинар өткізеді.
Семинарда қарастырылатын мәселелер:
— Үміткерлерге қойылатын талаптар;
— Тағылымдамадан өтуге болатын ЖОО-лар, ғылыми орталықтар, ұйымдар;
— Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесі;
— Қаржыландыру мәселелері;
— Конкурстық іріктеудің сатылары.
Күні: 04.04.2025 ж.
Уақыты: сағ. 15:00
Өтетін орны: Ғ. Орманов атындағы кітапхана
#SDG #ЦУР #ТДМ