





Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.
Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру білім ордасының басым бағыттарының бірі екенін айтты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айналуы керек деген еді. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту мақсатында облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен ынтымақтастық орнатқалы отырмыз. Алдағы уақытта тіл мәртебесін арттырып, құзыретін нығайтатын бірлескен жобаларды жүзеге асырамыз»,- деді Ермек Бөрібаев.
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев мемлекеттік тілді дамыту жолындағы бірлескен іс-шаралар нәтижелі болады деп сенім білдірді.
#SDG #ЦУР #ТДМ