





«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміз бойынша жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бұл шараға Жетісу университетінің ұжымы мен студенттері де атсалысуда. Бүгін Талдықорған қаласындағы «Халық банк» АҚ-ның демеушілігімен университет ауласына ағаш көшеттері отырғызылды. Қоршаған ортаны сақтауды мақсат еткен шараға демеушілік көрсеткені үшін университет ректоры Ермек Бөрібаев банк әкімшілігіне алғыс айтты.
«Жас көшеттер жайқалып өссе, қаламыздың экологиясы жақсарады, әрі студенттер ағаштың саясында демалып, таза ауамен тыныстайды. Өздері отырғызған ағашқа күтім жасап, экологиялық мәдениеті қалыптасады,-деді ректор.
Қаланың көгалдануына септігін тигізетін аталмыш акцияның маңызы зор.
#SDG #ЦУР #ТДМ