«Арнайы пәндер» айлығы

2025 жылдың 31 наурыз — 25 сәуір аралығында «Арнайы пәндер» циклдық комиссиясының айлығы өтеді. ПЦК оқытушылары мен студенттері жыл сайын пән айлығын өткізуге белсенді қатысады.
Шараның ашылуы 31 наурызда өтті. Онда ПЦК жетекшісі – Р.Айнакузева айлықты өткізу мақсатын атап өтіп, жоспарымен таныстырды. Жиынға барлық топ өкілдері мен пән оқытушылары қатысты.
Айлық барысында студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған ашық сабақтар, шеберлік сағаты, коучинг, IQ батл, сурет көрмесі, интеллектуалдық ойын, психологиялық тренинг сынды түрлі іс-шаралар өтеді.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Жетісу облысының білім басқармасы мен Жансүгіров колледжі бірлесіп «БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ ЗАМАНАУИ КЕЛБЕТІ» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр.

#SDG #ЦУР #ТДМ