Тәжірибе тарату маңызы

2025 жылдың 4 сәуір күні КеАҚ Семей медицина университетінің Жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім – инклюзивті қоғам: болашақ мамандарды дайындаудың тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбында республикалық форум өтті.

Форумға AP23488199 «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» тақырыбындағы жоба жетекшісіфилософия докторы (PhD) Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі Г.С. Майлыбаева «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ педагогтерді кәсіби қызметке даярлау» тақырыбында баяндама жасады. Жоба орындаушылары доцент м.а., философия докторы (PhD) Ш.О. Орынгалиева «Психологиялық құзіреттілік қоғамдағы өзара әрекеттестік табыстылығының алғы шарты ретінде» (Alikhan Bokeikhan University),  доцент м.а., философия докторы (PhD) Б.К. Оспанова «Инклюзивті білім беру: тұлға дамуының факторы ретінде» (Alikhan Bokeikhan University), докторант  Д.Е. Утегулов (И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті) «Ерекше білім алуды қажет ететін балалардың дарындылығын анықтау жолдары» тақырыптарында баяндамаларын жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Форум барысында жасалған баяндамалар қызу талқыға түсіп, барлық аймақтан жиналған ғалымдар тарапынан қызығушылық танытты.

AI Assistant