«Білім және ғылым: жаңа тәсілдер мен әдістемелер» секциясы

Ғылым Декадасы аясында 07.04.25 ж. университетте Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Секциялық жұмыстардың бірі білім және ғылым мәселелеріне арналды. Бұл секцияға педагогикалық ғылымды дамытуға қызығушылық танытқан ең белсенді, креативті ойлайтын студенттер, магистранттар және жас зерттеушілер жиналды.

Секцияға қатысушылар білім берудің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасады: оқу процесін цифрландыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, бастауыш және орта мектептерде оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, оқушылардың жеке қасиеттерін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі, инклюзивті білім беру және т.б.

Секция жұмысы конструктивті атмосферада өтті. Студенттер өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп қана қоймай, белсенді пікірталас жүргізіп, бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасып, болашақ жобаларға пікірлестерін тапты. Отырыс қорытындысы бойынша ғылыми жаңалығымен, практикалық маңыздылығымен және тәсілдің өзіндік ерекшелігімен ерекшеленетін үздік презентациялар анықталды. Үздік жұмыстардың авторлары диплом және грамоталармен марапатталды.