Пәні:Инновациялық бағыт жағдайында болашақ математика мұғалімдерін дайындауды әдістемелік қамтамасыз ету
Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
Дәрістің мақсаты: магистранттардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіру арқылы ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға бағыт беретін білім технологияларын қолдана білулерін қалыптастыру.
Дәрістің міндеттері:
- Мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұнын анықтау және оның ғылыми негізін жасау;
- Математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың және заманымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру;
- Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын математиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процесін зерттеу;
- Математиканы оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және қорытындылау.




