Жыл сайын құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы білім берудегі менеджмент курстарын ұйымдастырады. 2025 жылдың 3 — 29 наурыз аралығында «Білім беру саласындағы менеджмент және басқару негіздері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті. Оған университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен Алматы және Жетісу облыстарының түзету кабинеттерінің басшылары қатысты.
Курстардың мақсаты — тыңдаушылардың басқару қызметінің факторлары мен процестері туралы түсініктерін қалыптастыру; білім беру ұйымының алға қойған мақсаттарына оңтайлы қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Біліктілікті арттыру курстарын «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Білім саласындағы басқару» мамандығы бойынша білім магистрі, PhD, Назарбаев университетінің студенттермен жұмыс департаментінің кеңесшісі Арай Саниязова жүргізді. Курсты 24 тыңдаушы оқып, арнайы сертификат алды.
#SDG #ЦУР #ТДМ