Университеттің профессор-оқытушылар құрамын инклюзивті білім беру жағдайындағы жұмысқа дайындау, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін қолайлы білім беру ортасын құру мақсатында құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы 2025 жылғы 3 ақпан мен 1 наурыз аралығында және 11 наурыз бен 5 сәуір аралығында «Инклюзивті білім берудің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Курс аясында университет оқытушылары инклюзивті білім беру бойынша оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен танысты.
Оқытуды педагогика және психология кафедрасының оқытушы-лекторы, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Галиева жүргізді. Сабақ тыңдаушыларға ыңғайлы режимде онлайн форматта ұйымдастырылды. Курстан 32 тыңдаушы өтті, олардың ішінде университет оқытушылары, мектеп мұғалімдері, Жетісу облысының арнайы мекемелерінің логопед-дефектологтары бар.
#SDG #ЦУР #ТДМ