Ғалыммен кездесу

2025 жылдың 14 cәуірінде Педагогика және психология факультеті, «Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері» кафедрасы ұйымдастыруымен ғылым декадасы апталығында «Ұстаздан ұлағат» тақырыбында  «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы студенттері және академиялық ұтқырлық бойынша Семей қаласы, Шәкәрім университетінен келген студенттерімен педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Бакраденова Алтын Бакраденовнамен  кездесу өтті.

Кездесу барысында Алтын Бакраденовна мамандықтың ерекшелігі, ғылыми зерттеу еңбектерінің жазылу тарихы және балаларға арналған шығармалары туралы ой бөлісті.

Ғалым «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту теориясы мен әдістемесі», «Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем туындылармен таныстыру», «Сыр сандықтағы жырларым» (Өлеңдер, арнау тілектер), «Ұстаз жолы» (Танымдық ой-толғамдар, ғылыми мақалалар жинағы (педколледждер мен жоғары оқу орындары студенттеріне, педагог мамандарға, ұсынылады),  «Теория и методика развития детского дошкольного образования» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік  еңбектерімен таныстырды. 

Кездесу соңында студенттерге ғалымдар оқу құралы сыйға тартылды.