2025 жылдың 14 сәуірінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Физика-математика факультеті «Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект» кафедрасының ұйымдастыруымен «Инженерлік және компьютерлік графика» пәні бойынша АЖқ, АЖАқ, АИСр 311 топтарының білімгерлеріне арналған қонақ дәрісі өтті.
Іс-шараға Ж.Джаникенова атындағы Жобалау институтының бас инженері Конратбаев А.Ж. және инженер-үйлестірушісі Курмангалиева С.М. шақырылды. Қонақ дәрісінің мақсаты – инженерлік саладағы тәжірибемен бөлісу, сондай-ақ AutoCAD бағдарламасында техникалық сызбаларды сызу ерекшеліктері мен кәсіби қолдану әдістерін білімгерлерге таныстыру болды.
Кездесу барысында мамандар өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, AutoCAD бағдарламасының өндірістік және жобалау үдерістеріндегі маңызын жан-жақты түсіндірді.



