










14.04.2025ж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен шетел тілдері кафедрасының негізін қалаушысы талантты ұстаз және университеттің құрметті профессоры Майра Рахметқызы Катенованы еске алуға арналған «Тіл. Мәдениет. Коммуникация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияның мақсаты – филология, мәдениеттану және педагогика салаларындағы ғылыми диалогты дамыту, сондай-ақ отандық және әлемдік ғылымға елеулі үлес қосқан М.Р. Катенованың ғылыми мұрасын сақтау және насихаттау болды.
Конференцияның тақырыптық бағыттары:
- Қазіргі заманғы филологиялық парадигмалар және тілдік зерттеулер. Бұл бағыт аясында лингвистика, әдебиеттану, тілдердің салыстырмалы-сопоставималы талдауы және қазіргі филологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері талқыланды.
- Жаһандық кеңістіктегі мәдениет және мәдениетаралық коммуникация. Қатысушылар мәдениеттердің өзара әрекеттесуі, тіл арқылы мәдени бірегейлікті қалыптастыру, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы мәдениетаралық коммуникацияның мәселелері мен болашағы жөнінде пікір алмасты.
- Тілдерді оқытудағы инновациялық технологиялар мен білім беру трендтері. Бұл бағытта заманауи тіл оқыту әдістері, білім беру үдерісіне цифрлық және интерактивті технологияларды енгізу, сондай-ақ тілдік білім берудегі жасанды интеллект пен үлкен деректердің рөлі қарастырылды.
Конференция гибридті форматта – онлайн және офлайн режимде өткізілді. Конференцияға тек еліміздің ғылыми қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері ғана емес, АҚШ, Франция, Түркия сынды елдердің жетекші университеттерінен шетелдік ғалымдар да қатысты. Пленарлық отырысты Жетісу университетінің ректоры, з.ғ.д., профессор Е.А.Бурибаев ашып, Майра Рахметқызы Катенованың ғылыми-педагогикалық қызметіне жоғары баға берді. Конференция барысында шетелдік және отандық спикерлер мазмұнды баяндамалар жасап, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, конференция аясында университетте М.Р. Катенованың атына аудитория беріліп, тұсау кесері өтті. Конференция соңында қатысушылар ғылыми ынтымақтастықты жалғастыруға, бірлескен зерттеу жобаларын дамытуға және тіл мен мәдениеттің өзара байланысын терең зерделеуге бағытталған ұсыныстар қабылдады. Ұйымдастырушылар бұл шараны дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.
#SDG #ЦУР #ТДМ