
















Университет спортклубтың 2024-2025 оқу жылындағы жылдық жоспары бойынша 10-сәуір күні университетіміздің профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және студенттері арасында жазғы «Президенттік тест» жарысы өтті. Жарысқа әр факультеттен 6 оқытушы және 6 студенттен қатысты. Ер азаматтар 3 шақырым, әйелдер 2 шақырым, студенттер 100 метр жүгіруден жарысқа түсті. Жарысқа жалпы саны 84 адам қатысты.
Жарыстың мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру. Жарыс қорытындысы бойынша профессорлық-оқытушылар құрамы арасында А.Катенов, Б.Шөмшекова, Б.Курманов, З.Мухамадиева, Д.Мүлік, С. Айткулова, Қ. Жақпаев, А.Қасымова, С.Сейлхан, А. Доскелдина, Б.Нұртаев, А.Ұлдаханова, студенттер арасында М.Ахмет, А.Мейрамхан, Ә.Жайлаубай, К. Завгородняя 1-орын алды.
Жалпы командалық есепте 1 орынды Гуманитарлық факультеті жеңіп алды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

