Ғылым декадасы аясында Педагогика және психология факультетінің оқытушысы Байдилданова Марал Сейтжановна 1-2 курс студенттердің жас ғалым, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры философия докторы (PhD) Нұрғожаев Шыңғыс Болатұлымен кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесудің мақсаты – студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, болашақ мамандыққа бағыт-бағдар беру және жас буынға мотивация беру.
Шыңғыс Болатұлы өзінің ғылыми ізденістер жолындағы тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге ғылыми жобалармен айналысудың қыр-сырын, мотивацияны сақтаудың жолдарын және жеке тұлғалық дамуға қатысты құнды кеңестер айтты. Студенттер көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.
Кездесу студенттердің ғылыми қызығушылығын оятып, ғылым мен білімге деген сенімді көзқарас қалыптастыруға үлкен ықпал етті.