







Ғылым декадасы аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жас ғалымдар мен докторант, магистранттарға арналған ғылыми семинар өтті.
Семинар барысында ҚР ҰҒА Жас ғалымдар кеңесінің президиум мүшесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының лауреаты, PhD докторы Диас Тастанбеков «Технологиялық дайындық деңгейлері (TRL) және коммерцияландыру: табысты жобалардың стратегиялары» тақырыбында сүбелі баяндама жасады.
Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар Альянсының жетекшісі Арын Орсариев жүзеге асырылған жобалардың мысалдар мен тәжірибе негізінде коммерцияландырудағы нақты кейстерді көрсетті.
Семинарға қатысушылар ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру процесі, технологиялық дайындық деңгейлері және инновацияларды нарыққа сәтті енгізу стратегиялары туралы құнды білім алды.
Іс-шара танымдық және мазмұнды атмосферада өтті. Ғылыми семинарға қатысушылар аталмыш тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
#SDG #ЦУР #ТДМ

