«ZU Science Tour» – ғылым әлеміне қызықты саяхат!

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «ZU Science Tour» атты 10–11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған ғылыми-танымдық экскурсия өтті. Іс-шара аясында қонақтар заманауи лабораториялар, зерттеу орталықтары және университеттің ғимараттарын аралады.

Қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын көріп, инновациялық технологиялармен танысты. Жас ғалымдармен сұхбаттасып зерттеу жобаларының нәтижелерін көрді. Экскурсия интерактивті форматта өтті, бұл қатысушыларға ғылым әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, болашақ талапкерлер білім беру бағдарламалары және университетте оқу мүмкіндіктері туралы толыққанды ақпарат алды.

Ұйымдастырушылар экскурсияға келген барлық қонақтарға алғыс айтады. Мектеп түлектерін Жетісу университетінің студенттері қатарынан көруге асығады!

#SDG #ЦУР #ТДМ