«TIL DARYN» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

2025 жылғы 17 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова оқулары аясында мектеп оқушылары арасында облыстық «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауы өтті.

«Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының мақсаты – филология бағытындағы шығармашылық және инновациялық жобаларды қолдау; тіл үйрену үдерісіне заманауи технологияларды енгізу; жас өнертапқыштардың, зерттеушілердің және болашақ лингвистердің әлеуетін дамыту; өңіріміздегі филолог ғалымдардың ғылыми еңбектерін насихаттау. Бұл байқау университеттің ардагер-ұстазы, ғалым Сарбасова Қарлығаш Базарбекқызының ғылыми шығармашылығына арналды.

Жиынға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Е. Ә. Бөрібаев жетекшілік етті. Шараға отандық ЖОО ғалымдары, тіл жанашырлары мен университет оқытушылары қатысты. Байқаудың ашылу салтанатында Қ.Сарбасованың 5 томдық еңбектерінің тұсаукесері жасалды.

Инновациялық жобалар байқауына Жетісу облысының Алакөл, Қаратал, Сарқан, Ескелді ауданы  және Талдықорған қаласы мектептерінен 16 жоба ұсынылды. 

Ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова оқулары аясында мектеп оқушылары арасында өткен облыстық «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының нәтижесі:

І орын – Ерік Айкүн,  Құмарқызы Ажар, Тұрлыбек Айша. Ғылыми жетекшісі: Мекишева Сауле Кумашевна. «DARUN-ALEM» шығармашылық орталығы. А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп Алакөл ауданы, Үшарал қ. Жүлде қоры – 70 000 теңге.

ІІ орын – Жасклен Інжу. Ғылыми жетекшісі: Исыпқали Асель Серікпайқызы. Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі Сарқан қ. Жүлде қоры – 50 000 теңге.

ІІІ орын – Абсейтова Балауса. Ғылыми жетекшісі: Оралбаева Динара Саматовна. «Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі» КММ. Талдықорған қ. Жүлде қоры – 30 000 теңге.

«ҮЗДІК ЦИФРЛЫҚ ЖОБА» номинациясы – Ердәулетқызы Аяла, Сұлей Аяжан, Мәулітқызы Жансая. Ғылыми жетекшісі: Едельбаева Асмарал Турсынгазыевна. Т.Рүстембеков ОМ. Ескелді ауданы, М.Байысов а.

«ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОБА» номинациясы – Аманжолұлы Сұлтанбай. Ғылыми жетекшісі: Койшибекова Назгуль Канабековна. «Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 23 орта мектеп» КММ Талдықорған қ.

 «ҮЗДІК ӘДЕБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА» номинациясы – Рахымқазы Мұқағали, Дастанұлы Дәрмен. Ғылыми жетекшісі: Дукенбаева Роза Сергазиевна. №29 орта мектеп – лицейі Талдықорған қ.

«ҮЗДІК КРЕАТИВТІ ЖОБА» номинациясы – Кеңесбек Жанель. Ғылыми жетекшісі: Амирова Алия Кыдырхановна. №20 мамандандырылған лицей. Талдықорған қ.

«ҮЗДІК ТІЛТАНЫМДЫҚ ЖОБА» номинациясы – Қанатұлы Ердос,

Бауыржанұлы Бекбаулы. Ғылыми жетекшісі: Сакенова Зарина Сакенқызы, Қаби Гульназ. «Өтенай ауылындағы МДШО бар №21 ОМ».

Ғылыми байқауға қатысқан барлық жас зерттеушілерге естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар, байқау қатысушыларының жетекшілері үшін «Мектепте ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі» атты облыстық семинар өткізілді. Оның аясында қазіргі жағдайда ғылыми зерттеулерді нәтижелі ұйымдастыра отырып, әдістемелік жұмыстарды жүргізу ерекшеліктері сараланды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ