




І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында екі тарап құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, тренинг-семинарлар, конференциялар, ақпараттық-түсіндіру жұмысы және т.б) жүзеге асыруды көздеп отыр.
«Лудомания – қоғамның дерті. Жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік бойынша рационалды таным, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын дәріптеу – ортақ іс. Бұл Меморандум – лудомания проблемасы, оның себептері мен салдары бойынша профилактикалық шаралардың кешенін әзірлеуде екі жақты жұмыс жасауға бағытталған», – деді ректор Ермек Бөрібаев.
Кездесу соңында «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорының президенті Айгүл Абдуалиева университет басшысына алғысын айтып, бірлесе атқаратын іс-шаралардың нәтижелі болатынына сенім білдірді.
#SDG #ЦУР #ТДМ