





Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі ұлттық құндылықтарды қолдану ерекшеліктері» атты Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша XVII республикалық пәндік олимпиадасы өтті.
Оған Жетісу университетінің Педагогика және психология факультеті «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған «Arunàz» командасы қатысып, III орын иеленді. Команда мүшелері мен жетекшісін жүлделі орын алуымен құттықтаймыз!
#SDG #ЦУР #ТДМ
