Жаратылыстану-техникалық факультетінің Экология және ауыл шаруашылығы ғылымдары кафедрасының оқытушысы, PhD Дамира Абсатарова 2020–2024 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары саласы бойынша Қазақстандағы ең көп дәйексөз келтірілген 50 ғалымның қатарына еніп, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы әзірлеген рейтингте 28-орынды иеленді.
Бұл жетістік — Дамира Амирқызының ғылыми-зерттеу қызметінің жоғары деңгейін, сондай-ақ оның еңбектерінің ұлттық және халықаралық деңгейдегі өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді. Әріптесімізге
ғылым жолында жаңа табыс тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ