


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР «Қауіпсіз орта» үйлестіру кеңесінің жобасы аясында «Psycho Express Abai» атты психологиялық экспресс-консультация форматында іс-шара өтті.
Аталмыш шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің психологы Гүлнар Исламжанова қатысты.
Шара барысында университет студенттеріне арт-терапия, психоанализ, когнитивті-мінез-құлық терапиясы, гештальт-терапия, метафоралық ассоциативті карталар, интегративті би-қозғалыс терапиясы, рилив-терапия, нейрографика және профайлинг бағыттары бойынша экспресс-консультациялар жүргізілді.
Бұл әдістер студенттердің ішкі ресурстарын ашуға, эмоциялық күйзелістен шығуға және өз-өзімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ


