Worldskills 2025: жаңа серпін-жаңа белес!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhansuguroy College» 2020 жылдан бастап WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионатының құзыреттілік орталығы.

Чемпионаттың негізгі мақсаты — жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және білім, дағды, қабілеттерді дамыту болса, негізгі құндылықтары: көпқырлылық, әділеттілік, инновациялар, адалдық, серіктестік және ашықтық.

Колледжде Чемпионат екі бағыт бойынша өткізіледі. Олар: «Мектепке дейінгі тәрбие» және «Кіші сыныптарда оқыту».

Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша бассарапшы – арнайы пәндер оқытушысы Арчабаева С.Ж., ал «Мектепке дейінгі тәрбиеле» құзыреттілігі бойынша – арнайы пәндер оқытушысы Исмаилова А.Т.

Чемпионатты өткізу аясында барлық қатысушылар үшін жалпы бағдарлама әзірленді. Аталған құзыреттіліктер бойынша конкурс тапсырмаларын орындау барысында қатысушылар білім, дағды және қабілеттерін тиімді түрде көрсетеді.

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар «WorldSkills Kazakhstan» Республикалық Чемпионатына қатысады.

#SDG #ЦУР #ТДМ