Конгресс

Халықаралық ғылыми-зерттеу конгресі

2025 жылдың 10-13 сәуір күндері Самарқанд қаласындағы Ориентал университетінде (Өзбекстан Республикасы) «Дәстүрден болашаққа» атты халықаралық ғылыми-зерттеу конгресі өтті. Аталған іс-шараға Гуманитарлық факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскерлері Д.Б.Есимбекова мен М.Б.Тумабаева қатысты.

Конгресте Есимбекова Динара Болатқызының «Құқықтық гибридті терминдерді хакатон форматында меңгерту», Тумабаева Мадина Болатқызының «Абайдың поэзиялық туындыларындағы ізгілік идеялары және оны білімгерлерге насихаттаудың тиімді жолдары мен әдістері» тақырыбындағы баяндамалары шетелдік ғалымдар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Конгресс жұмысы аяқталған соң, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.