

Жетісу облысында мамандандырылған мемлекеттік мекемелері, өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативі, шаруа қожалықтары мен «Агрономия» білім беру бағдарламасының студенттері арасында «АГРОНОМИЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ» атты семинар өтті.
Семинардың мақсаты – агрономия саласына сапалы мамандар дайындау. Агрономия мамандығын бітірген түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасау. Жетісу өңіріндегі шаруа қожалықтармен келісім шарт негізінде жұмыс жоспарын бекіту.
Семинарға «Жетісу облысы фермерлер қауымдастығының басшысы А.Шарипов, «Жетісу облысы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция» бөлімнің басшысы К. Етекбаев, «Фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция» бөлімінің басшысы Р.Беглов, «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасының техникалық бақылау және су шаруашылығы» бөлімінің бас маманы Ш.Ауесбекова, «Жер-Ана» өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативінен О.Абдельдинова, «Нұржан-AGRO» шаруа қожалығынан Н.Уразов, «Арсен» шаруа қожалығынан А.Калибек қатысты.
Сала мамандары облыстағы ауылшаруашылығының дамуына тоқталып, өз тәжірибелерін ортаға салды.
Семинар барысында болашақ мамандарды агроинновация мен агротехнологияларға бейімдеу сынды ортақ мәселе көтеріліп, жұмыс беруші мекемелермен жұмыс жоспары бекітілді.
#SDG #ЦУР #ТДМ





