2025 жылғы 29 сәуірде Физика-математика факультетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасы бойынша 6В06101 – «Информатика», 6В06102 – «Ақпараттық жүйелер», 6В06103 – «Ақпараттық жүйелердің архитектурасы» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттерінің өндірістік тәжірибеден өткендігін растайтын қорытынды конференция өтті.
Конференцияға тәжірибе жетекшілері мен комиссия мүшелері қатысты. Студенттер өндірістік тәжірибе нәтижелері бойынша есептерін ұсынды, тиісті құжаттар тексеріліп, қабылданды. Сонымен қатар, студенттер тәжірибе барысында жинақтаған білімдері мен кездескен қиындықтары туралы пікір алмасып, тәжірибелерін талқылады.с





