«Болашақ маманның заманауи келбеті» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы

«Zhansugurov College» колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Болашақ маманның заманауи келбеті» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған конференцияда студенттер арасында үздік мақалалар мен ғылыми жобалардың байқауы болды.

«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 1 орынды Зарина Хамитова иеленді. Жетекшісі Ақмарал Сәкенова. «Тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 1 орынды Амина Базарханова алды. Жетекшісі Рита Айнакузева. «Жас зерттеуші» номинациясын Күлжан Сейдрасіл иеленді. Жетекшісі Аяулым Бейсембаева. «Құқықтану» мамандығы бойынша Елжан Ержанұлы 1 орын алды. Жетекшісі Ерік Бейсенбеков.

Конференцияға қатысушылар сертификат және білім беру саласының дамуына қосқан үлесі үшін дипломмен марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ