Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының 6В01505 – «Информатика», 6В01502 – «Математика-Информатика», 6В01504 – «Физика-Информатика» білім беру бағдарламаларының 4 курс білім алушылары дипломалды практиканың қорытындысы ретінде дипломалды қорғауын (предзащита) сәтті өткізді.
🔹 Жалпы 8 студент өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есеп беріп, комиссия мүшелерінен кері байланыс алды.
🔹 Дипломалды іс-тәжірибе мерзімі 24.03.–26.04.2025 ж. аралығын қамтыды.
🔹 Дипломалды практика оқу жұмыс бағдарламасына және университет ректорының бұйрығына сәйкес жүргізілді.
🧠 Білім алушылар дипломдық жұмыстарында заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, нақты тәжірибелік мәселелерді шешуге талпынды.
🎓 Алда болатын мемлекеттік аттестацияға табысты қадам жасалған күн болды!
📚 Барлық білім алушыларға сәттілік пен шабыт тілейміз!



