І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Bilim zhane Bolashak» Үшінші халықаралық ҒЗЖ байқауының қорытындылары шығарылды

2025 жылдың 8 мамырда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде онлайн форматта «Bilim zhane Bolashak» Үшінші халықаралық ҒЗЖ байқауының қорытындылары шығарылды. Іс-шара үйымдастырушылар – Eurasian Scientific and Methodological Journal “East-West” for master and doctoral students және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология факультетінің қолдауымен.

Байқауға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Астана Халықаралық университеті, Ө.Жанибеков атындағы Онтүстук Қазақстан педагогикалық университеті, Ж.Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжі, Орал қ. № 26 жалпы білім беретін мектеп және т.б. өкілдері қатысты.

Қатысушыларға DeGruyterBrill баспасының цифрлық ресурстарына қол жеткізе отырып, ғылыми мақалалар жазу бойынша оқыту вебинарлары өткізілді. Шетелдік және қазақстандық ЖОО байқау рецензенттері қатысушылар ұсынған зерттеу тақырыптарының өзектілігін, мақалалардың дайындық деңгейі мен безендірілуін атап өтті.

Ғылыми іс-шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, университетаралық байланысты нығайтуға, функционалдық ғылыми сауаттылықты қалыптастыруға және білім алушылардың академиялық жазу дағдыларын дамытуға ықпал ететін ғылыми-әдістемелік журнал мен бас өңірлік университеттердің бірі арасындағы ынтымақтастықтың тамаша үлгісі болды.

#SDG #ЦУР #ТДМ