Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі ашық есік күні

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ашық есік күні» өтті. Аталған іс-шараға Жаратылыстану-техникалық, Гуманитарлық және Физика-математика факультеттерінен 40-қа жуық түлек қатысты. Түлектер мектеп тарихымен, оқу бағдарламасы, бағалау жүйесі және білім ордасының жетістіктерімен танысты.

Сонымен қатар, педагог мамандарға арналған біліктілікті арттыру және қайта даярлау мүмкіндіктері, мектеп базасында педагог қызметкерлердің кадрлық резервін қалыптастыру бағытындағы конкурс ережелері түсіндірілді.

Мектеп ұстаздары жетістіктерін көрсетіп, болашақ мамандарға Назарбаев Зияткерлік мектебіне қызметке келуге шақырды.

#SDG #ЦУР #ТДМ