БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Жетісу университетінде дәстүрлі түрде жылына екі рет «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізіледі.

2024-2025 оқу жылы бітіретін түлектерге «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, өткізілді. Бакалавратта 878 (оның ішінде Мемлекеттік білім беру грантында – 251, Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантында — 91) түлек оқуларын аяқтағалы отыр.

Жәрмеңке жұмысына 150-ден аса мемлекеттік және жеке меншік мекеме, ұйымдардың өкілдері және балабақша, мектеп, колледждердің басшылары, сондай-ақ өңірдің банк ұйымдары, Жетісу облысының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері, Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Жетісу облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы», ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, Жетісу облысы бойынша экология департаменті, Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Жетісу облысының полиция департаменті, Жетісу облысының Әділет департаменті,  Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Жетісу телеарнасы, Оқушылар сарайы, Талдықорған қаласы Қайнар-АКБ, Талдықорған қаласының Мансап орталығы т.б. кәсіпорындардың басшылары шақырылды.

Ұйымдастырылып отырған іс-шараның мақсаты: Жас мамандарға жұмысқа орналасу барысында қолдау көрсету, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

2024-2025 оқу жылы Жетісу университетінің  факультеттерінде бітіретін жалпы түлек саны 1342 оның ішінде  мемлекеттік білім грантында — 334.

(Бакалавриатта — 878, оның ішінде  мемлекеттік грантта — 251,

Қашықтықтан оқыту бойынша — 164,

Магистратурада  —  284, оның ішінде  мемлекеттік грантта — 67,

Докторантурада — 16, оның ішінде  мемлекеттік грантта — 16).

ФакультеттерБакалавриатта бітіруші түлек саны
1Педагогика және психология факультеті56
2Құқық және экономика факультеті189
3Гуманитарлық факультет174
4Дене шынықтыру және өнер факультеті233
5Жаратылыстану-техникалық факультеті133
6Физика-математика факультеті93
 БАРЛЫҒЫ878

Сонымен қатар, 2023-2024 оқу жылы университет бойынша Бакалавриатта 948 түлектің 869/92%, Магистратурада – 337 түлектің 329/98%, Докторантурада – 12 түлектің 12/100% жұмысқа орналастырылды.Жалпы университеттегібарлық білім беру бағдарламаларының түрлері бойынша 1297 түлек оқуларын аяқтап, 1210/93% түлек жұмысқа орналастырылды.

#SDG #ЦУР #ТДМ