




Кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу сапасын арттыру мақсатында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу–әдістемелік бөлімі «Жыл практиканты» байқауын өткізді. Байқауға қатысушылардың жұмыстары комиссия құрамымен объективті бағаланып, байқау қорытындысы бойынша ең үздік практикант анықталып, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, олардың жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды.
1 орынды Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының студенті Толғанай Әлімхан алды. Жетекшісі — оқытушы-дәріскер С.Дюсебаева.
2 орынды Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Гүлназ Қаби иеленді. Жетекшісі — PhD, Г. Шүкенай. Математика мамандығының студенті Аяулым Мұқай да 2 -орынға ие болды. Жетекшісі — п.ғ.к., С. Ибраева.
3 орынды Педагогика және психология мамандығының студенті Мөлдір Сматова, (жетекшісі — оқытушы-дәріскер А.Абуханова);
Биология мамандығының студенті Аружан Алибекова, (жетекшісі — оқытушы-дәріскер А.Атабаева ) және
Құқықтану мамандығының студенті Аружан Насруллинова (жетекшісі — оқытушы-дәріскер Ж.Шаймуханова) иеленді.
«Жыл практиканты» байқауының жеңімпаздары мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!
#SDG #ЦУР #ТДМ