
«2025 жылдың 14 мамырында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде филология ғылымдарының кандидаты, профессор М.К. Бисенқұловты еске алуға арналған V Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция тақырыбы: «Қазіргі білім беру жүйесінің даму кезеңінде орыс тілі мен әдебиетін оқытудың мәселелері мен перспективалары». Конференцияны Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Жетісу облыстық әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Конференция жұмысына орта мектеп мұғалімдері, университеттер мен колледж оқытушылары, магистранттар және филология факультетінің студенттері қатысты.
Құттықтау сөздерімен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің басқарма төрағасы – ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбілтаевич Бұрұбаев және Жетісу облыстық әдістемелік орталығының директоры Ғалия Жолтаевна Мұхметова сөз сөйледі.
Конференция қатысушыларының келесі баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аударма теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аслан Жамельевич Жақсылықовтың «Шығармашылық тұлғаның параметрлері» баяндамасы; Ресейдің Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Оксана Вячеславовна Дорфманның «Негізгі мектепте тілдік талдаудың лингводидактикалық бағыттары» баяндамасы; Халықаралық Астана университетінің Педагогикалық институтының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Талғатбек Дүйсенбекович Әбжақовтың «М.К. Бисенқұловтың өлеңдерінің идеялық-тақырыптық ерекшелігі» баяндамасы; І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Бақытжан Алпамышевна Әуелбекованың «Профессор М.К. Бисенқұловтың зерттеулеріндегі аударма мәселелері» баяндамасы; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің шебер-педагогы Дамира Вазировна Амарованың «Оқылым сауаттылығының типологиясы мен тапсырма түрлерін талдау арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту» баяндамасы; Н. Алдабергенов атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің сарапшы-педагогы Надежда Яковлевна Кимнің «Ауыл мектебінде орыс тілі мен әдебиетті оқыту мәселелері» баяндамасы.
Күннің екінші жартысында «Көркем мәтінді талдау» шеберлік сабағы (модератор – профессор Ли Э.В.), «Орыс тілін және әдебиетін оқыту мен оқу жобаларын ұйымдастырудағы жасанды интеллект» воркшопы (модератор – №12 гимназия-мектебінің шебер-педагогы Филимонова Е.Р.), «Академиялық және функционалдық сауаттылық: қазіргі білім беру жүйесіндегі теңгерім мен өзара әрекеттестік» атты дөңгелек үстел (Жетісу облыстық әдістемелік орталығының педагог-зерттеушісі, әдіскер Торпақова А.А.) ұйымдастырылды.
Конференция соңында қатысушыларға М.К. Бисенқұловтың «Өзімен оңашада», «Қолда жерді тербету» атты өлеңдер жинағы табысталды.
Конференция жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.»



