Ашық есік күні

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 15-16 мамыр күндері Жетісу облысының жалпы білім беру ұйымдарының түлектеріне «Ашық есік күні» өткізілді. Шараға Жетісу облысы бойынша 20-дан аса мектептен 300-ге жуық оқушы қатысты. Оқушыларға жоғары оқу орны жайлы толық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, университеттегі әр факультеттің базасы таныстырылды.

Іс-шара барысында болашақ түлектер ғылыми зертханалар, сот залы, «Huawei» кабинеті, телестудия мен радиостудия, коворкинг, кітапхана мен мұражай жаттығу залдары, ату тирі, әскери кафедра, бассейн және арнайы оқу залдарында болып, мамандықтармен танысты. Ашық есік күнінде университеттің білім беру бағдарламалары, ғылыми жобалар, Академиялық ұтқырлық, жастарға арналған мүмкіндіктер туралы мәлімет берілді.

Мектеп бітірушілер университет оқытушылары және белсенді білімгерлерге өздерін қызықтырған сауалдарын қойды.

Ашық есік күніне қатысу арқылы оқушылар университетпен жақын танысып, жаңа көзқарас қалыптастырды. Бұл жастарға Жетісу университетінің студенті атанып, үздіктер қатарына қосылуға мүмкіндік береді.

#SDG #ЦУР #ТДМ