





І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымдары э.ғ д., Д.Қалдияров, РһD, қауымдастырылған профессор Д.Нұрмұханқызы Швецияның Лунд университетінде өткен «Corruption in Non-Western Societies: Insights from Central Asia» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.
Іс-шара аясында ғылыми мақалалардың жобалары мен ұжымдық монографияның тараулары ұсынылды. Негізгі талқыланған тақырып — Орталық Азия елдеріндегі сыбайлас жемқорлық мәселесі болды. Сонымен қатар, сот жүйесінің жұмыс істеуі, көші-қон үдерістері, инклюзивті білім беру, аймақтық әлеуметтік трансформациялар сияқты өзекті мәселелер де қаралды.
Конференцияға қатысу халықаралық ғылыми диалогты нығайту, зерттеу ынтымақтастығын кеңейту және Жетісу университеті ғалымдарының жаһандық ғылыми қауымдастыққа белсенді араласуы жолында маңызды қадам болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ