«Қазақстан жастары арасында лудоманияның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар»

«Қазақстан жастары арасында лудоманияның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар» жобасы аясында Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесуді І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің психологы Г. Исламжанова өткізді. Ол қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналған құмар ойындарға тәуелділік тақырыбын көтерді. Іс-шараға 300-ден астам студент қатысты.

Кездесудің мақсаты — жастар арасында лудоманияның алдын-алу және оның салдарын түсіндіру. Кездесу барысында психолог студенттерге лудомания деген не және оның белгілері қандай, құмар ойынға адамдар неге әуес болады, дұрыс әдеттерді қалай қалыптастыруға және тәуелділікке қалай қарсы тұруға болатыны туралы кеңінен түсіндірді.

Жастар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, тәуелділіктен арылу үшін кімнен көмек сұрауға болатынын білді. Студенттер тарқырыпты белсенді түрде талқылап, сұрақтарына толыққанды жауап алды.

#SDG #ЦУР #ТДМ