Жетісу университеті студенті республикалық СҒЗЖ  байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды

2025 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өткен республикалық байқауда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 6B02303 – «Филология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Жұмағали Мейірім Қуанышбайқызы І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Мейірімнің ғылыми жұмысы байқаудың «Филология» бағыты бойынша үздік деп танылды. Бұл жетістік – студенттің ғылыми ізденістегі белсенділігін, терең білімін және табандылығын көрсетеді.

Ғылыми жетекшісі –PhD А. Абызова.

🎉 Университет ұжымы Жұмағали Мейірімді және ғылыми жетекшісін шын жүректен құттықтайды! Ғылыми-шығармашылық табыстар тілейміз!