Жүлделі сапар!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті білімгерлері Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Филология факультетінің журналистика кафедрасы «6В03202-Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында XVII Республикалық пәндік олимпиадасында жүлделі III орын иеленді. Сонымен қатар білім жарысында бақ сынаған білімгеріміз Сәкен Зейнеп III орынмен марапатталды.

Қарағанды қаласына жол тартқан Журналистика кафедрасының меңгерушісі Каримимова Бибигуль Жумашовна жетекшілік етуімен «6В03202-Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының 3 курс білімгерлері: Абдуғапар Меруерт, Жұмағали Анеля, Сәкен Зейнеп қатысты. Жас пиаршылар үшін бұл – керемет нәтиже. Жеңіс құтты болсын!