Құттықтаймыз!

Түрікстан қаласында өтіп жатқан ҚР жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиадада спорттың Жеңіл атлетика түрі бойынша Жетісу университетінің студенттерінен құралған команда жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Екі күнге созылған тартысты сайыста команда мүшелері мықты өнер көрсетіп, Универсиада жеңімпазы атанды. Жарыстың екінші күнінде
Қудайберген Сания
3000 метрге,
Болатбекқызы Аяна
800 метрге,
Жанабек Есенбол
5000 метрге жүгіріп, алдарына жан салмай
1- орын алып, алтыннан алқа тақты. Ал Омар Айбол
800 метр қашықтыққа жүгіріп, жүлделі 3- орын алып, қола медальға ие болды.
4×400 метр эстафеталық жарыста команда бойынша
қыздар 2-орынға шықты. Команда мүшелері, «Дене шынықтыру және спорт » білім беру бағдарламасының студенттері
Қудайберген Сания,
Нұрмуханбетова Анеля,
Нұрмәмет Ақбаян,
Болатбекқызы Аяна бар мүмкіндіктерін көрсетіп, нағыз спортшы екендерін дәлелдеді. Осылайша Жетісу университетінің қоржыны
5 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен толықты.

Универсиаданың Жеңіл атлетика бойынша қорытындысында Жетісу университетінің қыздар командасы жүлделі ІІ орын иеленді. Біліммен бірге спортты жандарына серік еткен спортшы студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз.

Жетісу университетінің ғана емес, Жетісу облысының абыройын асқақтатқан студент спортшылар бұдан да биік белесті бағындырады деп сенеміз.

#SDG #ЦУР #ТДМ