





2025 жылдың 2 — 18 мамыр аралығында 7М04110 «Денсаулық сақтаудағы Менеджмент» (EMBA) білім беру бағдарламасының магистранттары Лунд университетінде (Швеция) шетелдік тағылымдамадан өтті. Ж. Избасарова мен А.Турсагатова профессор Рустамжон Уринбоевтың жетекшілігімен «Social Justice, Patient Rights, and Sustainable Healthcare Management» бағдарламасы бойынша оқыды.
Тыңдаушылар халықаралық контексте денсаулық сақтауды басқару, тұрақты даму және пациенттердің құқықтары туралы білімдерін тереңдете түсті. Сонымен қатар, тағылымдама барысында магистранттар «Corruption in non-Western Societies: insights from Central Asia» халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, ғылыми әлеуетін нығайтып, академиялық қоғамдастық өкілдерімен кәсіби байланыс орнатты.
#SDG #ЦУР #ТДМ