«Орталық Азия мен Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастығының кеңесі елдерінің жастар форумы».

Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында 21-24 мамыр күндері «Орталық Азия мен Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастығының кеңесі елдерінің жастар форумы» өтті.

Аталған форум – аймақтық және халықаралық деңгейде жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді талқылау алаңы ретінде маңызды рөл атқарды.

Осы форумда Жетісу университетінің студенті Ақерке Қызайбай “Экокультура в Казахстане” тақырыбында баяндама жасап, басқа елден келген делегаттар алдында сөз сөйледі.

#SDG #ЦУР #ТДМ