«БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ШЕКАРАСЫЗ: ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2025 жылғы 27 мамырда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында академиялық ұтқырлық аясында «Шекарасыз білім мен ғылым: жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасынан серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда: Жетісу университетінің Жаратылыстану-техникалық факультеті, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті және Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті.

Конференция барысында жаратылыстану, техникалық, аграрлық және педагогикалық ғылымдарды дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Студенттердің «Агрономия», «Экология», «Химия», «Биология» және «География» білім беру бағдарламалары бойынша академиялық ұтқырлығын арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Конференция аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және академиялық тәжірибелер ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Қатысушылар серіктестік байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екендерін білдіріп, 2025–2026 оқу жылына арналған бірлескен жұмыс бағыттарын айқындады.