Қазақстан Республикасының «ЖОО талап етуінің ұлттық рейтингі» нәтижелері жарияланды

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі IAAR Қазақстан Республикасының «ЖОО талап етуінің ұлттық рейтингін» 2014 жылдан бастап өткізеді. Білім беру бағдарламаларын саралау нәтижесінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының «ТОР-50» ПОҚ рейтингі анықталды.

Білім беру бағдарламаларын сараптау нәтижесінде Қазақстан ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының «TOP-50» рейтингі анықталды.

Қазақстан Республикасы ЖОО оқытушыларының жалпы рейтингі бойынша Жетісу университетінің ғалымы, Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев «ТОП- 50»-дің ішінде 18-орынды иеленді.

Сонымен қатар, Ермек Әбілтайұлы республикадағы үздік жиырма ғалымның қатарына енген гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша жетекші екі ғалымның бірі!
Ермек Әбілтайұлын ғылымдағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Университет ұжымы Сізге білім ордасының дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысын білдіреді!!!

#SDG #ЦУР #ТДМ